Кәсіби бағдарды дамыту: Жұмысшы кәсіптер жылы аясындағы жастармен кездесу
Жұмысшы кәсіптер жылы аясында Қазақстанның Ядролық қоғамы өкілдері А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің 9–10 сынып оқушыларымен және тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен ақпараттық-ағартушылық кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға атом саласындағы сұранысқа ие мамандықтар және олардың қазіргі заманғы және болашақтағы технологиялар контекстіндегі даму перспективалары туралы ақпарат ұсынылды. Іс-шара аясында бейбіт атом тақырыбына арналған тақырыптық «Атом сабағы» өтті.
Оқушылар мен студенттер көтерілген тақырыпқа зор қызығушылық танытып, белсенді түрде пікірталасқа қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың кәсіби бағытты саналы түрде таңдауға және инженерлік-техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Развитие профессиональных ориентиров: встреча с молодёжью в рамках Года рабочих профессий
В рамках Года рабочих профессий представители Ядерного общества Казахстана провели информационно-просветительскую встречу со студентами горно-технического колледжа и учащимися 9–10 классов многопрофильной школы-лицея №3 имени А.С. Пушкина.
Участникам встречи была представлена информация о востребованных профессиях в атомной отрасли, а также о перспективах их развития в контексте современных и будущих технологий. В рамках мероприятия прошёл тематический «Атомный урок», посвящённый мирному использованию ядерной энергии.
Школьники и студенты проявили высокий интерес к заявленной теме, активно участвовали в диалоге и получили разъяснения на интересующие их вопросы. Подобные мероприятия способствуют формированию у молодёжи осознанного подхода к выбору профессионального пути и повышению интереса к инженерно-техническим специальностям.