Кәсіпорын

    Қазақстан Евразия орталығында орналасқан, ауданы 2,7 млн.кв шақырым, әлемнің ең қромен қамтамасыз етілген ондығына кіреді. КСРО жылдарында Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының атом саласы үшін ерекше маңызға ие болды. Мысалы, Семей ядролық полигоны барлығына белгілі.                                                                                                                                                1944 ж Мемлекеттік қорғаныс комитеті Совхалық комитеті жанындағы геология ісі бойынша комитетке уран кен орындарын белсенді іздеуге тапсырыс берді, өйткені КСРО атом бомбасын жасап шығаруға ядролық материалдардың жетіспеушілігі кедергі жасады.

    Қазақстанда уран кенін іздеу КСРО геология  министрлігінің жанынан құрылған Волков геология (оған іздеу жұмыстары үшін Қазақстанның орталық және оңтүстігі бөлінді) және Кольцов геология (Қазақстанның батысы)  1948 құрылып басталды. Үш жылдан соң мамандар бірінші кен орны Құрдайды ашты.

    20 ғасырдың 60-жылдарының басында Қазақстандағы уран кен орындары отандық жетекші уран салаларының Целинный, Прикаспийск және Қара-Балтин комбинаттарының жұмыстарын тұрақты қаматамасыз етті. Соңғы комбинат Қырғыз аумағында болса да, Оңтүстік Қазақстан кеніштерінде өңделді. 70 жылдардың соңында уранды жерасты скважиндік сілтіден айыру әдісі бойынша алынатын жаңа кен орындары ашылды –Инкай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Оңтүстік және Солтүстік Қарамұрын.

     Екінші кен басқармасында уранды үлкен карьерден алынды. Карьерден алумен бірге кенді жер асты әдәсәмен алу қатар жүргізілді. Салынып жатқан дәне іске қосылған объектілердің арасында электрмен жүретін көлік қызметкерлерді жұмысқа, үйлеріне жеткізіп тұрды. Жергілікті халық оны «мотаня» (әрлі-берлі жүруші) деп атады. Аз жағдайға қарамастан дүкендерде азық-түлік мол болды, тіпті балмұздақтар алыс астанадан жеткізілді. Қапқа салынған нан Целиноградтан кішкентай ұшақтармен жеткізіліп, далаға тастап отырды, оны машинамен іздеуге шығатын болды.

    Сол жылдары және кейінгі жылдары ерекше режимдегі әкімшілік-аумақтық құрылым жалпы әлеуметтік қосымша қаржыландыруға жатқызылды. Оған халықты бюджеттік деңгейде қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау шарасы, медициналық қызмет көрсету, еңбекті төлеу жеңілдіктері енгізілді.

    Барлық жұмыстарды Степногордағы гидрометаллургиялық (ГМЗ), күкіртті қышқыл (КҚЗ) және минералды тыңайтқыш зауыттарының құрылысын МСУ-29 бас инженердің орынбасары Вит.Алексеевич Дьяченко үйлестірді, оны М.А.Ефимов ауыстырды, сосын В.В.Бакеев. Солардың басшылығымен уранды тотықтыруға дейінгі байыту жүргізілген гидрометаллургиялық зауыт және күкірт қышқыл зауыты пайдалануға берілді.

    Комбинат құрылысын мамандырылған әскери бөлімдер бастады, 1962 жылдан бастап оларға түзеу-еңбек мекемесінің контингенті қосылды. Тәжірибені, машықтықты қажет ететін күрделі жұмыстарды білікті мамандар орындады.

    Ақмола, Көкшетау, Торғай облыстарында орналасқан комбинаттың барлық кәсіпорындарының бас жобалаушысы Мәскеудің «Промнии проект» институты болып табылды. Негізгі өнеркәсіп алаңдарынан 120 метрден 500 шақырымға дейінгі қашықтықтағы объектілерді және құрылыстарды салуды Степногор құрылыс басқармасы, жөндеу-құрылыс басқармасы, комбинаттың құрылыс-монтаж басқармасы жүргізді. 10 жыл ішінде, ЦТХК құрылысын салу туралы бұйрықтың шыққан күнінен бастап:

    • 10 ірі тау-кен қазушы және өнеркәсіпті өңдеу кешендері.
    • Су қоймасы және тазалау құрылыстарының су құбырының гидротехникалық торабы.
    • Жылу электр орталығы (ЖЭО) және ірі қазандықтар қатары қосылған жылу, су-электрмен қамтамасыз ету жүйесі;
    • Денсаулық сақтау, білім беру, мәдени-сауық орындары объектілерінің толық кешенді заманауи Степногор қаласы;
    • Барлық қазіргі заманға сәйкес инженерлік құрылыстармен жабдықталған қалалық типтегі 5 кент (Шантөбе, Заводсков, Заозерный, Красногорский, Володарск);
    • Көкөніс жылыжай кешені, малшаруашылық формасы, суландыру жүйесімен алаңдар және басқа объектілер, негізгі алаңда да, кен басқармасында да қала жанындағы ауыл шаруашылық кәсіпорындар салынды.

    ЦТХК құрылымын 5 кен басқармасы құрды (1-1956, 2-1929ж., 3-1963 ж., 4-1964ж., 5-1978ж., жөндеу-механикалық зауыты (1966), (1989) теміржол көлік басқармасы, Орталық ғылыми-зерттеу зертхана, құрылыс базасы (РСУ, СМУ). Өнеркәсіптік бөлімшелерден басқа ЦТХК бірнеше: метрологиялық, техникалық бақылау, радиоциондық және токсикалық (улы заттар) қауіпсіздігі, өртке қарсы апатты-құтқару, күзет және басқа қызмет көрсету бөлімшелері болды.

    Комбинатта жоғары дамыған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесі: апатты-диспетчерлік қызмет, лифті-газ шаруашылығы, атс, медициналық-санитарлық бөлім, аэпорт, қонақ үйлер, жатақханалар, бала-бақша, мектепке дейінгі мекемелер. Комбинат жұмыскерлері және олардың отбастары үшін мәдени-сауықтыру шаралары стационда, спорт сарайы, балалардың спорт мектебі, жас техниктер  натуралистер стансалары, яхтклуб, аула клубтары, кітапхана, техникалық кітапхана, баспахана, радиоторабы, мәдениет сарайы салынды. Кәсіби дайындықты ЦТХК оқу комбинаты, үлкендерді, балаларды сауықтыруды – «Орбита» емдеу профилакториясы, қала сыртындағы жыл бойғы пионер лагері «Мечта» қамтамасыз етті.

    Комбинаттың арқасында қала өсіп, өркендеді. Сонымен ЦТХК Степногор қаласын дамытушы кәсіпорын болды.

    ХХ ғасырдың 80 жылдары комбинат ұйымдастырушылық-техникалық шараларды табысты орындады, өнеркәсіптің учаскелері қайта құрылды, кеніштерде тау-кен жұмыстарының алдыңғы қатарлы әдістері, гидрометаллургиялық және химиялық зауыттарда шикізатты қайта өңдеу жүйесінің жаңа технологиясы енгізілді, жоғары сапалы өнімдер мен халық тұтынатын тауарлардың шығарылуы кеңейді. Бұның бәрі шикізатты қайта өңдеудің қуаттылығын арттырады және тауар өнімдерін көбейтеді, Уранның ең көп шығарылған 1987 ж.болды, молибденнің көп шығарылған жылы - 1988 ж.. Химиялық зауытта күкірт қышқылын шығару 1989ж. 470,3 мың тонн (130 % қуаттылығының), аммофос бойынша – 290, 9 мың тонн (168 %) болды.

    VIII бесжылдықты табысты орындағаны үшін комбинат СССРдің Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Ленин орденімен 1971 ж.18.01. марапатталды. Бүкіл одақтық социалистік жарыста ең жоғарғы нәтижеге жеткені, жоспарды уақытынан бұрын орындағаны үшін 1973ж. СОКП ОК, СССР Министрлер кеңесі, ВЦСПС, БЛКСМ ОК комбинат ұжымын қызыл тумен марапаттады. 1977 ж. ЦТХК парамолибдат аммониін өніміне сапа белгісі берілді, әрі қарай 1980, 1983,1986 ж.ж. СССР Мемлекеттік стандартымен дәлелді. 1980-1983 ж.ж.комбинат ұжымы сапа белгісімен өнім шығаруда үлкен нәтижелерге жеткені үшін ВЦСПС және СССР Мемлекеттік стандарттың дипломымен марапатталады.

    Комбинаттың бірінші директоры С.А.Смирновтың орнына Н.Н.Алексеенко келді.

    Алексеенко Н.Н. 1927 ж. 15.05. Ақмола облысының Ленин ауданының (Ақкөл) Ново-Рыбинка ауылында дүниеге келген.1931ж. отбасы Ақмолаға көшіп келген соң теміржол мектебіне түсті. 10 сыныпты Ақмола облысының Степняк қаласында бітіріп, «Каззолото» тресінің Степняк алтын шығаратын фабрикасына жұмысқа келді, 1942ж. әскерге шақырылып, денсаулығына байланысты әскерден қайтты. «Карагандауголь» комбинатында қалыптаушы болып жұмыс істеді. Степнякқа қайта оралып, қалалық комсомол комитетінің бірінш хатшысы болып сайланды. 1945 ж. қазаз таукен металлургиялық институтына оқуға түсті, бітірген соң совет-герман «Висмут» АҚ 1957 жылға дейін жұмыс істеді. Н.Н.Алексеенконың 1957 жылдан 1988 ж.дейінгі өмірбаяны ЦТХК кәсіпорындарымен байланысты (1957-1958 ж.ж.№1 кен басқарушының директоры п/я №8, 1959-1975ж. Ру-2 басшысы, 1975 жылдан 1988 жылға дейін комбинат директоры). Н.Н.Алексеенконың екі еңбегі Ленин, Окт.Рев-сы, «Құрмет белгісі» орденімен, Еңбек қызыл ту орденімен, «Шахтер даңқы» белгісінің дәрежесімен, «СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты», «ҚазССР құрметті кенші» атақтарымен марапатталды. Одақтың маңызы бар дербес зейнеткер Николай  Никифорович Алексеенко 10.04.1948 ж.Степногорда қайтыс болды.

            90 жылдың басында Тың таукен химиялық комбинатында Чернобыль оқиғасынан кейін, уранға сұрыстың төмендеуі, 1991 ж. Одақтың таралуына байланысты экономикалық байланыстың үзілуі себепті комбинаттың құрылымына өзгерістер әкелді. Жекелендіру кезеңінде комбинаттың бір бөлігі акционерлерге өтті, 4 кен басқармасы жабылды.

            1992 ж. Тың таукен химиялық комбинаты Өнеркәсіптік бірлестік, 1994ж. Мемлекеттік холдингтік компания, 1998 ж. – ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. ТТХК кешенінің қалған жабдықтарын Израилдің «Сабтон лимитед» фирмасы иеленді. 1999ж. «КазСабтон» ЖАҚ құрылды. Жаңа кәсіпорын иелерін өнеркәсіптік және кадрлар әлеуметті сақтап қалуға қызығушылық танытпады. Соңғы 5 жыл комбинат тарихындағы ең ауыр жылдар кезеңі болды. Өнім шығаруды тоқтатып (ОЖЭ) басқа, жұмыскерлердің жалақылары, салық және басқа қор төлемдері 6-9 ай төленбей, «КазСабтон» банкротқа ұшырауға жақындады.

     

    Комбинаттың жаңаша тарихы

    Уран өнеркәсібіндегі дағдарысты жою үшін, 5 жылға «Казатомпром» берілді. 2004 ж.9.10. «Сетпногор таукен химиялық комбинат» ЖШС болып тіркелді, СТКХК бас директоры болып Эшмұрат Азимұлы Пирматов тағайындалды.

    Пирматов Э.А.- өмірбаяны.

    Өзбекстанның Ташкент облысы, Ташкент ауданы, Кирово ауданында 1952ж. 20.06 туылған. 1974 ж. Ташкенттің политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірді. Техникалық ғылым кандидаты (1986), техникалық ғылым докторы (2003). 2009ж. Қазақ ұлттық жарытылыс ғылымдары академиясының академигі болып сайланды. Оборудование для обработки давлением порошков и порошковых заготовок (Челябинск, 1992), Особенности получения вольфрамовых продуктов в зависимости от генезиса исходных руд Казахстана (Алматы, 2003), монографияларының, 70 аса мақалалардың авторы.

    1974-1980 ж.ж. Өзбекстанның баяу балқитын және қызуға берік металлдар комбинатында шебер, аға шебер, цех бастығының орынбасары (Шыршық қ., ССР) 1982 ж. – жаңа техника және технология бойынша цех бастығының орынбасары, цех бастығы, бас инженердің орынбасары, 1999 ж.- ОЗКТЖМ ғылымы бойынша бас директорының орынбасары. 2002 ж.- «Казатомпром» нак ақ жоғарғы технология институтының ғылымы бойынша директордың орынбасары (Алматы қ.) 2004ж. – «Казатомпром» нак ақ аффинаж зауыты директоры (Таукент кенті, ОҚО). 2004.09. – 2012.10 дейін «Степногор таукен химиялық комбинаты» ЖШС бас директоры.

    «Құрмет белгісі», (1986) орденімен, «БАМ құрылысы үшін» (1982), «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Қазақстан  констит. 10 ж.» (2005) медальдарымен, 1-ші дәрежедегі «ҚР атомдық саласында еңбек сіңірген қызметкер» (2007), «Казатомпром АҚ құрылғанына 10 жыл» (2007) белгілерімен марапатталды. Степногор қаласының құрметті азаматы.

    Комбинаттың «Казатомпром» АҚ басқарушылығына өтуіне байланысты комбинатты қайтадан жандандыру шаралары қабылданды. Шантөбе кентіндегі таукен кешені (Ақмола облысы, Сандықтау ауданы) және Степногор қаласындағы гидрометаллургиялық зауыты қосылған.

    Бас міндет Шантөбе кенішіндегі таукен кенішін, кен жолдарын және барлық ГМЗ іске қосу болды. Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорын құрып, қайта өңдеуші кешеннің жұмысын толық қамтамасыз ету қажет болды. Ұзақ жыл тоқтап тұрған СТХК дайын өнімдер көптеп шығарыла бастады. Сонымен 2005ж. гидрометаллургиялық зауытта өзіндік және сықпа уран бар шикізат өнімі 1192,8 тонна өндірілді. СТХК 2007 ж.өндірістің рентабельді кезеңіне шықты.

    2008 ж. комбинат 2862 тонна, 2009ж. – 3305, 2010-3815,2011-3245,5т. шығарды. 2012ж.3253,6 тонна дайын сенім, 2013-3024,4 (өзіндік кен базасының құнарлы қорының таусылуы әсер етті).

    Қайта өңдеу кешенінің жұмысын толық қаматамасыз ету үшін Звездный уран кен орнының Шығыс пайдалы кенін игеру басталды, 2006 ж. 96 күн ішінде ГМЗ бос алаңдарында жобаланып молибден байыту фабрикасы іске қосылып, пайдалануға берілді. Апатты жағдайда тоқтатылған күкірт қышқылы зауыты кесек (түйір) күкірттен «Тенгиз шевройл» мұнай компаниясының қалдықтарын қайта өңдеу арқылы күкірт газы алынатын технология. СТХК – республикада атом саласындағы жалғыз кәсіпорын 2013ж. соңына дейін уранды төмен рентабельді кеніш әдісімен алуды жүргізген, үлкен көлемдегі таукен дайындық жұмыстарын таукен кеніштерінің жабдықтарын, бұрғы-жарылыс техникаларын және арнайы құралдарды пайдалануды қажет ететін. Қордың таусылуына байланысты Шантөбе кенішінде өнім алу қазіргі уақытта тоқтатылды.

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына еңбек әлеуметтік жаңғырту және әлемдік бәсекеге қабілеттілік елдің дамуына шешуші фактор бола алатын жаңашыл тұжырымдама ұсынылды. Барлық еңбек қоғамы – еңбек нәтижелерін кең түрде ынталандыру мадақтау болып табылады. СССР уақытында өнеркәсіптің, әлеуметтік саланың дамуына үлкен үлес қосқан қызметкерлердің еңбегі баспасөз беттерінде жарияланып, марапатталды.

    Степногор және ТТХК

    Біздің қаламыз даусытап айтылмайтын және баспасөз беттерінде еске алынбайтын жабық қалалардың бірі болатын. Ресми құжаттарда, ерекше құрия боғандықтан, Макинск-2, біресе Целиноград-25, біресе-Аксу аталды, жақын жерде орналасқан Теміржол стансасы, және техникалық алтын, алмаз шығаратын рудникте осылай аталды. Бұл жерге тек арнайы рұқсат қағазбен келуге болатын. Қалада, комбинатта атом өнеркәсібінің жабық әкімшілік аумағына жатқызылды. Бұл бұрынғы Кеңес Одағының саяси, экономикалық және әлеуметтік құбылысы болды. Алғашқыда атом саласын дамытып жатқан өнеркәсіп кісіпорындарының жанындағы жұмысшы кенті еді, кейін қазіргі заманауи қалаларға айналды. Олар АҚШ-тың Ядролық әлеуеттігінің кеңеюі себепті, (1945-1953ж.) СССРдің қорғану қабілетін қамтамасыз ету мақсатында атом және сутегі қаруларын өңдеуді іске асыру және совет Атомы жобасының бастапқы кезеңінде пайда болды. Орталықтан басқаруды бірінші бас басқарма жүзеге асырды. (Б.Л.Ванников). Атом қаруын жасауды іске асыру және басымды міндеттерді шешу үшін өте көп материалдық қор, қаржы бөлінді негізгі өнеркәсіп салаларымен жоғары білікті ғалымдар, инженерлер, құрылысшылар тартылды. Жобаны өңдеуге және ядролық қондырғыларды орнатуға өте қысқа мерзім берілді. Қазақстанда, жаппай зақымға ұшырататын қаруларды өңдеу, дайындау, сақтау және пайдалануды жүзеге асыратын өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан қалаларда ерекше тәртіпті орта машина жасау Министрлігінде ұзақ жылдар бойы атақты Е.П.Славский басқарды:

    • Курчатов қ., (Қорғаныс министрлігімен бірге), Семей полигоны;
    • Шевченко қ., (қазіргі Ақтау), Каспий жанындағы таукен метал.комбинат; Маңғышлақ энегет.комбинаты;
    • Степногор қ., тың (Целинный) таукен химиялық комбинаты.

    СССР 1964ж. 28.06. жоғарғы кеңесі Президиумының Жарлығының негізінде, Сарыарқа даласында пайда болған, Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Одақта, уран өнеркәсібінің флагманы болған Степногор қаласының ресми негізгі қаланған мерзімі, Комбинаттың құрылуы туралы министрлер кеңесінің шешімі 1956ж. 8 тамызында шықса да , 1964ж. 28.08. Тың ТХК бірінші директоры С.А.Смирнов болды.

    Смирнов С.А. Өмірбаяндық анықтама.

    1918ж. 27.08. Рязан облысының Степ-Ин Да ауылында туған. Мәскеуде С.Орджникидзе атындағы геологиялық-өңдеу институтын бітірген соң 1942ж. 1956 ж. «Алтайзолото», «Союзспецразведка» (Мәукеу), «Спецразведка (Өзбекстан) трестерінде әртүрлі қызметтерде болды. 1956ж. мамырдан 1975ж.сәуірге дейін тың таукен хим.комбинатының директоры болды. Содан кейін Қаз.ССР Министрлер Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1978ж. зейнетке шығуына байланысты қызметінен кетіп, Мәскеуге көшті. Зейнеткерлікте болса да, ұзақ уақыт ресей «Атомредметзолото» концерні президентінің кеңесшісі болып қызмет жасады.

    С.А.Смирновтың ұйымдастыру және кәсіби қабілеті Солтүстік Қазақстанның ірі кен орындарының базасында уранды кендерді алу және қайта өңдеу объектілерінің қарқынды құрылысын жүргізу барысында өте жақсы байқалды. Қатаң климаттық жағдайларда, өнеркәсіптік, энергетикалық базалардың, тұрғын үйлердің жоқтығына қарамастан мыңдаған білікті жұмысшылар мен мамандарды: кеніштерді, металлургтерді, геологтарды, құрылысшыларды ұйымдастыра алды. Көп жылғы еңбегі және жеткен табыстары үшін С.А.Смирнов «Ленин» орденімен, Октябрь Революциясы орденімен, екі еңбек қызыл ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Орақ пен балға» медалімен, ҰОС айбынды еңбегі үшін, «Айбынды еңбегі үшін». В.И.Лениннің 100 жылдығына байланысты, «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталды. Оған «Социалистік Еңбек Батыры», «СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты» (1953, 1967ж.) қазақ СССРнің еңбек сіңірген кенші, Степногор қаласының құрметті азаматы атақтары берілді 2009ж. 22.03. Мәскеуде қайтыс болды.

    Жоғары дәрежесімен ерекшеленетін социалистік Еңбек Ері Құрмет белгісімен ЦГХК-ның бірінші директоры С.А.Смирнов және РУ-2, № 4 карьердің эксковаторщиктердің бригадирі А.С.Гришан мараппатталды. Сонымен қатар, Ленин орденімен -20 адам, Октябрь революциясымен-23, Еңбек Қызыл Ту орденімен-142, Құрмет белгісімен-185, Еңбек даңқымен-120, Халықтар достығымен-10 адам мараппатталған. Медальдермен сегіз жарым мыңдай адам мараппатталып,»Шахтер даңқы» белгісінің барлық дәрежесін 39 адам иеленген. Төмендегідей құрметті атақтарға: КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреатына-20 алам, Қазақ ССР-не еңбек сіңірген кенші-10 адам, Қазақ ССР-не еңбек сіңірген металлург, Қазақ ССР транспорт саласына еңбек сіңірген қызметкер атақтарына 2 адамнан және Қазақ ССР-не еңбек сіңірген химик-1 адам лайық деп табылған. Комбинаттың көптеген жұмыскерлері  «ЦГХК-ның еңбек сіңірген ардагерлері» және «ЦГХК-ның ардагерлері» атты құрметті атаққа лайық деп табылды.                                                                                                                                    Аға ұрпақтардың тамаша еңбектерін жалғастырып, орнын жаңа ұрпақтар басып келеді. 2007 жылдан 2013 жылға дейін аралықта СГХК-ның 78 өкілі « Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген жұмыскері» деген атаққа ие болды.                                                                                                                                                       Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі және дереккөздердің жүйелі, өсімді еңбектері, өндіріске инновацияларды енгізуді талап етеді. СТКХК-да бұл тапсырманы шешу үшін әрбір жұмыскер белсене ат салысуда. Менеджмент сапа жүйесі де нәтижелі жұмыс атқаруда. Жұмыс жағдайын, жұмыс орнын жақсарту жүйелері унемі жүргізіліп отырылады.                                      Инженерлер пайдалы қазбаларды өңдеу, өндіру әдістерінің тиімді қолайлы түрлерін зерттеп, қолданып отырады. Ең негізгі міндеттің бірі-табиғи уран ерітіндісін және химиялық концентраттар, руданы өндірудің жаңа технологияларын енгізу болып табылады. Бұл бағытта ғылыми-техникалық кеңес, СТКХК-ның бас директоры М.О.Кирасиров пен директордың міндетін атқарушы В.А.Кравцовтың басшылығымен үйлестіріліп отырылады.

          Технологияны жетілдіруде, өңдеуде, өндіруде СГХК-ның ОҒЗЛ-Орталық ғылыми зерттеу лабораториясы елеулі роль атқаруда. Оның басты міндеттері- «тар» жерлерде жұмысты істеуді жетілдіру туралы жобалау технологиясын дамыту комбинаттың өндірістік жұмыстарындағы жаңа бағыттарды талдау болып табылады.                                                                                                                                  

    ОҒЗЛ тарихқа бай. Ол 1966 жылы құрылды, 1990 жылы- қызметкерлерінің саны-180 адам болды, оның ішінде 7 кандидат, 1 технология ғылымдарының докторы болған. ОҒЗЛ есебінде 200 авторлық куәлік және патенттер бар, оның 60 қолданыста. Лаборатория жұмыстарының нәтижесінде өндіріс технологиясы талдаған:

    -уранды КВ және ПСВ әдістерімен;

    -алтынды бөлу

    -технологиялық алмаздан ұсақ ұнтақ өндіру

    -қалайы

    -марганец және оның тұздарын өндіру

    -молибден, молибден тотығында (Қазақстан алғаш рет)

    -уран өндірісінде қалдықтарды қайта өңдеу(ТМД бойынша алғаш рет). Шикізатты кешенді пайдалануға мүмкіндік пайда болды. (экология жағдайына байланысты, қалдықсыз өндіріс)

    -пеш газдарын тазалау (патентпен қорғалған). Өнер тапқыштардыңтехникалық нәтижесінде пеш газдарын аммиактан тазалау сатыларын көтеру және аммиакты тазалау. Сонымен қатар, техникалық нәтижесі жеңіл тәсіл және тазаланатын пеш газдерінің сапасының өсуі.

    -2009 жылы жартылай өндірістік масштабта экстракция ағымында уран мен молибденді бөлу, өндіріс ерітінділерін қосымша компонеттерден, циркониден тазалау технологиясы жасалып, талданды. Өндіріс ерітінділерінен молибден бөлусорбция ағымы жетілдірілді. Арзан реагенттерді қолдану жеңіл технология техникалық нәтиже болып есептеледі. Жаңа және жоғары ғылыми деңгейлі талдау халықаралық РК №21714 және  №22224 патенттерімен қорғалған.

         Бүгінде ОҒЗЛ мамандандырылған кадрлермен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін жағдайға байланысты тапсырмаларды шешетін жабдықтармен, құралдармен(спектрометр,                САР 6500, экспресс анализатор, лабораториялық жоғарғы қысымды автоклавтар, флотомашиналар) қамтамасыз етілген.

    Қазіргі кезде СТКХК ОҒЗЛ келесі жұмыстардың түрін орындайды:

    -зерттейтін материалдардың заттық құрамын анықтау;

    -лабораториялық жағдайда технологиялық эксперимент жасау;

    -өндірістің технологиялық схемасын талдау,

    -өнеркәсіп-тәжірибе қондырғыларында көрсеткішті анықтау;

    -жабдықтарды таңдаудағы ұсыныстар;-

    -есеп құжаттарын (есептер, регламенттер,тәжірибе өнеркәсібін жобалау үшін шығыс құжаттарын беру т.б) құру

    -өндірісте «тар» жерлерді тауып, шектеу үшін ғылыми-техникалық қолдау көрсету;

               Респкубликадағы индустриальді-инновацияны дамыту бағдарламасын қолдану шеңберінде, сирек, шашырап кездесетін элементтер мен табиғи пайдалы компоненттерді, техногендік материалдарды, мысты қайта өңдеу технологиясы талданып жатыр.

               Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі арнайы журналдарда жарық көруде. СГХК типографиясы ЖШС «Степногор таукен химиялық комбинаттың» құрылғанына 5 жыл толуына орай мақалалар басып шығарды. СТКХК қызметкерлерінің  техникалық шығармашылығын дамыту қорытындысы бойынша және оларды өнер табыстық шығармашылыққа тартып, олардың белсенділігін арттыру жолында 2010 жылы екі халықаралық патент және ҚР-ның екі инновациялық патенті алынды.

              2010жылы СТКХК ГМЗ орталық завод лабораториясының бастығы А.П. Дуленин кандидаттың диссертациясын жақсы қорғап шықты. Ғылыми зерттеулер жалғасуда. ГМЗ-қа уранды экстракционалды қайта тазалау үшін жаңа технология енгізілді, ол өндіріс сапасын екі есеге арттырып, жылына 4 мың тонна шығаратын болды.

    НАК «Казатомпром» мекемелері жіберіп отырған табиғи уранның химиялық концентратының өңдеу көлемін ұлғайтатын, дайын өнімді ерітіп отыратын қосымша екі пеш орнатылды.

    СТКХК-да гидрометаллургиялық жабдықтау және процесстердің бірегей кешені жасалған, барлық минералды қорларды автоклавпен сілтісіздендіреді. Менделеевтің барлық металлдар жүйесін сорбционалды бөлуге қалыптасқан, газды ұстау, техногенді қалдықтарды сақтау жүйесі қалыпты жұмыс істейді. Комбинатта жабдықтарды және реагенттерді ұтымды пайдалану бағытында технологиялық шешімдер, өнертапқыштық ұсынымдар енгізіліп отырылады.

    2005-2014 жылдар аралығында өнертапқыштардың ұсыныстарының 175 түрі тіркеліп, соларды қолданудың арқасында қорлар мен  реагенттер үнемделген. Ол 9 жылдың ішінде 650 млн теңге құрайды.

    Комбинат -91 авторлық куәлікті патент иегерлері туралы және 18 патент туралы  мәлімет беруші.  СТКХК-да әлеуметтік еңбек қатынасы жұмыс берушімен жұмыскерлер арасындағы келісімді шешіп отырады. Ұжымдық келісімге: еңбек ережесі, еңбек демалысы, еңбек ақысы, жұмысты қорғау, әлеуметтік ұжымдық даму т.б. кіреді.

    2010 ж «Парыз» атты Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігімен СТКХК-ның ұжымдық келісімі қола медальге ие болып, ең жақсы деп танылып, біздің мемлекетіміздің Президентінің қолы қойылған Құрмет Дипломына ие болды.

    2013ж еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау іс-шараларына 297 млн теңге бөлініп, оның 187,4 млн. Жұмсалды.

    СТКХК кадрларды өсіруге үлкен көңіл бөліп отырады. Мекеме СТКХК-ты кәсіби мамандықты игеру үшін, жоғарғы оқу орнында оқып жүрген жұмыскерлеріне аңбек ақысынан орта айлық көлемде, оқу демалысын төлеп отырады. Степногорлық мектеп бітірушілердің 10 оқушысы мекеме есебінен Томск политехникалық институтында оқып білім алуда, олар оқу бітірген соң жұмысқа тұрғызылады.

    СТКХК-ның ардагерлері еңбек пен тарихи сабақтастықты қолдап отырады. Комбинат мекеменің 1600 зейнеткерлеріне материалдық көмек көрсетіп, мерейтойларын атап өтіп, газет басылымдарына тегін жазып, мәдени іс-шаралар жүргізіп отырады.

    СТКХК Степногродде ең спортшыл ұйым болып есептеледі. Олар қалалық кешенді спартакиадаларда бірінші орынды сенімді ұстап отырады. Комбинаттың жұмыскерлері Степногордың құрама командасында, олар облыстық жарыстарға қатысып, футбол, волейбол, баскетбол, хоккей, шахмат, шашка ойындарынан, қысқы және жазғы ойындарға қатысып жақсы көрсеткіш көрсетіп отырады.

    ЦГХК-СГХК тарихының елеулі кезеңдері

    04.05.56ж. КСРО Министрлер кеңесінің №863 қаулысы бойынша комбинатты Солтүстік Қазақстанның уранды кен орнына салу

    17.05.56ж Орташа  машина құрастыру Министрінің комбинатты салушы дирекцияларды ұйымдастыру туралы №356 бұйрығы

    Мамыр 1956ж. РУ-1 құрылыстың басталуы (Шантобе)

    1959ж. Товарлық руданы өндірудің басталуы және саланың қайта өңдеу заводтарына жеткізу

    РУ-2 ұйымдастырылды. Маныбай карьерінде ашылу жұмыстары басталды.

    1961ж. Комбинатты құрушы дирекция №4 комбинатта  қайта құрылды. Селетин су қоймасында бетондық жұмыстар басталды.Өндіріс алаңында инженерлік коммуникация құрылыстары басталды. Теміржол линиясында Аксу ст., Промышленная ст., Ерементау ст., Аксу ст. пайдалануға берілді.

    1963ж. Тау кеннің РУ-3 бөлімінің құрылысы басталды (Заозерный) теміржол линиясында  Аксу-Заозерный қозғалысы ашылды.

    Февраль 1964ж. ГМЗ құрылысы басталды. РУ-4 жер асты руднигінің құрылысы басталды. (Красногорск). «Юность» кинотеатры пайдалануға берілді.

    22.12.1965ж. ТЭЦ алғашқы өнеркәсіптік ток берді.

    1966ж. РМЗ құрылысы басталды.

    1967-68ж. РМЗ да химиялық, энергетикалық жабдықтарды жөндеу үшін арнайы бөлімдер ашылды, 1971ж жабдықтарды орталықтандырылған толық жөндеуден өткізу үшін бөлім ашылды.

    1967ж қараша. Минералды тыңайтқыш және күкірт қышқылын өндіретін химиялық завод құрылысы басталды. (аммофос)

    1968ж желтоқсан. Аз көлемдік жіберіммен 1 кезекті ГМЗ пайдалануға өткізілді.

    1970ж. шілде. ГМЗ-ға жобалау технологиясы бойынша молибдентұздары шығарылды.

    1970ж. Желтоқсан 2  кезекті ГМЗ пайдалануға өткізілді

    1971ж. ЦТКХК химия заводының құрылысы аяқталды. Ленин орденімен марапатталды.

    1972ж. 1 кезекті ГМЗ құрылысы жұмысы аяқталды.

    1973ж. «Химик» стадионы пайдалануға берілді.

    1976ж. Мәдениет сарайы «Горняк» пайдалануға берілді.

    1977ж. РУ-5 объектісінің құрылысы басталды

    1986ж, 5 мың нөиірлі координатты АТС-5 пайдалануға берілді

    1988ж. Тау-кен жабдықтау заводының құрылысы басталды

    1989ж. 4 кезекті ТЭО енгізілді. Станцияның қондырғы күші 180 МВТ.

    1992ж. ГМЗ да жоғары сынақты 999,9 алғашқы алтын құймасы алынды.

    1994ж. ӨҚ ЦГХК Мемлекеттік холдинг компаниясы болып

    1998ж. Ашық  типтегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды

    1999 ж.- «КазСабтон» ЖАҚ болып құрылды

    2004ж. 9 қыркүйек ТОО «Степногор тау кен комбинаты» тіркелді

    Қазан. Степногордегі гидрометаллургиялық заводпен Шантобе ауылындағы тау кен өндіруші кешені тұрғызылып жұмыс істей бастады. Тау-кен –шахта жабдықтарын модернизациялау басталды.

    2005ж.24 наурыз. Кәсіпорын 2010 жылға  дейін сенімді басқарушы Ұлттық атомдық компания «Казатомөнеркәсіп» берілді.

    6 шілде.  «МолиКен»  ЖШС тіркелді

    ГМЗ-дағы байыту фабрикасының монтажын жабдықтау үшін жұмыс басталды. ГМЗ-да монтаж жасалып, табиғи уранның химконуентратын өндіре өңдеу жұмысының жаңа үлгісі енгізілді. Триоксид молибден алу үшін тәжірибе-өндіріс бөлімі жөнделіп, жұмысқа қосылды. 977 млн тг№ инвестиция алынды, 1192,8 т негізгі өнім өндірілді.

    2006жылы  25 сәуірде молибденді байыту фабрикасы ашылды. 3 кварталда МБФ жылына 500 м тонна руданы өңдеу қуаттылық күшіне шықты. Урандық және молибденді рудаларды бір мезгілде өңдеу үшін технологиялық ағымды бөлу ісі жасалды. Уранның қалдықтарынан молибденді және триоксидті қайта өңдеу үшін жұмысқа цехтың технологиялық сызбасы жіберілді. 

    СТКХК-ның 12 түріне 700 дей адам қатысатын 1 спартакиадасы басталды.

    Топтық комитеттің ұсынысы бойынша ЦГХК да ҚР атомдық энергетиктер мен өндірістегі жұмыскерлерінің кәсіподақ ұйымы құрылды. ЦГХК –өндірістік қауымдастықта «Тау кен комбинаты» болып қацта құрылды.

    Мамыр. Шантобе руднигіндегі радиометриялық байыту фабрикасы жөнделіп жұмысқа қосылды.

    Қыркүйек. Қалыптастыру кәсіп орны тау-кен химиялық комбинатының 50-жылдығын тойлады.

    10 қыркүйекте Кесек күкірт жаңа шикізаттан күкірт қышқылын алу үшін КҚЗ іске қосылды.

    2007ж. Шантобедегі Звездное кен орнында жатқан уранның жаңа қоры иелендірілді. ГМЗ-дағы руда жолдары толық жүктелді. Жаңа технологияны пайдалануға байланысты өндіре тазалау күші 2,5 есеге өсті.

    14 шілде. Республика Сарайында НАК «Казатомпромның» 10 жылдығына орай салтанатты кеш өткізілді. СТКХК-ның 20 өкіліне «ҚР атом саласына еңбек сіңірген қызметкері» атағы алтын белгімен қоса берілді. Қыркүйекте атақ иегерлері мен әртүрлі сатыдағы белгілерді алған комбинаттың жұмыскерлерінің саны 49-ға жетті. Степногорлық мектеп бітірушілердің 10 оқушысы мекеме есебінен Томск политехникалық институтында оқып білім алуда, олар оқу бітірген соң жұмысқа тұрғызуға жағдай жасап отыр .

    2008ж 24 шілде. Атом саласында еңбек ететіндер күніне және ГМЗ-ның 40 жылдығына арнап мерекелік іс-шара өткізілді. 92 жұмыскер марапатталды.

    Ұжымдық келісім бойынша жұмыскерлердің алдында міндеттемені сақтау үшін шығындар төмендетіліп, өндірістік емес шығындар азайтылып, өндірісті оңтайландыру үшін, кризиске қарсы іс-шаралар өткізілді.

    СТКХК «2007ж. Ақмола облысы бойынша ең жақсы салық төлеуші» атағына ие болды. 2426,8 млн.тенге инвестиция иеленді. 15413,3 күкірт қышқылы, 2681,7 т азот окисі түрінде негізгі өнім өндірілді. Барлығы 8,2 млрд теңгеге өнімшығарылды.

    2009ж.Қазақстан-Италия жобасымен жылына қуаттылығы 180 мың тонна қышқыл зауытының құрылыс жобасын жасау басталды. Шантобе руднигінде РОФ модернизациясы басталды. Фабрикада өндірістің зиянды факторларын және шаңды, шумды азайтатын өнімнің өндіру қолайлығын арттыратын, класс+32-50 рудаларын кесектеп сұрыптап өткізетін жаңа рентгенрадиометрикалық СРФ-4-50 сепароторлары қойылды.

    Тамыз. СТКХК Казатомөнеркәсібінің  спартакиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы аталды. Республикадағы атом саласының өнеркәсіптерінің арасында тарихта алғаш рет өткізілген жарыста 9 спартакиада чемпионы болды.

    2 қазан.  Комбинаттың еншілес өнеркісібі «Степногор темір жолы» ЖШС  тарихта алғаш рет өз күшімен тар жолда жүретін ТУ-2 тепловозына толық жөндеу жүргізді. Экономия 6,6 млн тг құрады. Уранның азот қышқылы шығарылымы 3350 т немесе жылдық жоспарының 103 % құрайды.

    2010ж. Сәуір. Шантобе руднигіндегі таукен шахтасының жабдықтарын модернизациялау аяқталды. Руданың сұрыптау сапасын  жақсартатын, бөлінуін 25% тен 45% жеткізетін жұмысқа тағы рентгенрадиометрикалық  флуоресцентті үш сепаратор енгізілді.

    Маусым. Шантобе руднигіндегі таукен шахтасының жабдықтарын модернизациялау аяқталды. Қазіргі заманғы дизельді тиеп жүргізуші машиналарға бурабай станоктарына, қондырғы жұмыстарға, таукен жүктерін тасуға, 17 тонна жүк көтеретін РМКТ-5000 шахтаның екі самосвалы қосылды.

    14 маусым. ГМЗ өндірістің номенклатурасы кеңейтіліп, тиімділікті арттыратын зауыттың негізгі өнімінің шығару ағымын арзандататын,жылына 30 мың тонна аммиак суын дайындайтын өндіріс бөлімі енгізілді. ГМЗ-да құрамында алтыны бар руданы өңдеу схемасын өзгерту, байыту фабрикасын жөндеу жөніндегі жұмыс басталды.

    Желтоқсан. СТКХК-ның Республикалық конкурсқа қатысуы. «Парыз» бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Үздік ұжымдық келісім» номинациясымен 3 орын алып, кубок, дипломды иеленді.

    2011ж. Шығындарды азайту, өндірісті және қызметкерлер санын оңтайландыру жөнінде аймақтық компания өз жұмысын бастады.

    14 шілде. СТКХК-ның Томск политехникалық университетін бітірген 3 стипендиаттарына диплом табыс етілді.

    8 қараша. ГМЗ аймағында жердің сирек кездесетін металдарын өндіретін құрылысты бастау үшін қазық қағылды.

    2012ж. СТКХК және Қытай жағынан инжененрлік зерттеу институтымен және «Синьянь» сауда-өндіріс компаниясымен мысты молибденді рудаларды жылына 1 млн тонна өндіру үшін ГМЗ флотационалды фабрикаларын жөндеуден өткізу жобаларына құрылған келісімге қол қойылды. ТОО «СКЗ-пирит» бірігіп цианидті технологиялық тізбекпен шаңды күйдіру жолымен күкірт қышқылымен Доре қорытпасын зерттеу және жобалау жұмыстарын бастады. ГМЗ-да «Төртқұдық» кен байыту комбинатының құрамында алтыны қалдықтарды қайта өңдеу технологиясы игерілді.

    2013ж. ақпан. СТКХК мұражайы «Отан даңқы» атты облыстық конкурста гран-приге лайық деп табылды.

    Маусым.  СТКХК ЖШС-ның жағдайға байланысты сұрақтарды шешу жөніндегі «жол картасы» бекітілді. ГМЗ-да құрамында алтыны бар рудаларды өңдеу схемасын өзгерту, байыту фабрикасын жөндеу жөніндегі жұмыс басталды.

    Қазан-қараша. Таукен металлургиялық концерн «Қазақалтынның» құрамында алтыны бар рудаларының бірінші тәжірибе өндірістік партиясы қайта өңделді.

    2014ж. Ұзақ мерзімді келісім-шарт аяқталды. Және ГМЗ да алтыны бар рудаларды өндірістік көлемде қайта өңдеу басталды.

    Біздің болашағымыз

    Республика Президенті 2020ж Стратегиялық жоспарда Қазақст