Остальные новости

Комбинаттың жақсы жұмыстары

Мерекелік шамдармен дүкен витриналары, кеңселер, үй терезелері жарықтандырылған. Барлық жер Жаңа жыл символдарымен безендірілген: қалалық алаң, ұйымдар мен мекемелердін залдары, Степногорск пәтерлері. Гидрометаллургиялық зауыттың бас кіреберісі, СТКХК  басқару фойесі, жұмыс асханалары мерекелік және ерекше талғаммен безендірілген. Мереке келе жатыр!

Желтоқсанның сонғы күндері ерекше қуанышты кутүмен ерекшеленеді. Түсінікті себептерге байланысты, табысы және жасына қарамастан барлығы осы сезімге боленеді. 

Степногорск тау-кен химиялық комбинатының қызметкерлерінің балалары дәстүрлі жаңа жылдық сыйлықтарға ие болады. Сонымен қатар барлық ниет білдірген балалар мен қыздарға жаңа жылдық мерекеге шақыру билеттері беріледі, соның арқасында балалар ертегілік кейіпкерлердің шытырман оқиғаларының корермені болып, әртурлі жарыстар мен ойындарға катысып, Аяз ата мен Ақшақармен думан құру куанышына ие болады. Жаңа жылдық мерекеге  кәсіпорын атынан 250 билет алынды.

СТКХК, сенімді және жауапты әлеуметтік серіктестер ретінде, қомқорлыққа алған мекемелерін назарларынан  шыгармайды. Дүйсенбі мерекелік сапарлар басталды.

Ең бастысы – немқұрайлы қалмау

Степногорск тау-кен-химия комбинаты мен А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейін  ұзақ уақытқа созылған достық қарым-қатынастар байланыстырады. Осы жылдар ішінде, оқу мекемесін  дамыту және қалыптастыруға бағытталғын жақсы және маңызды істер көп жасалды. Осы уақыт ішінде,басшылық бірнеше рет өзгерді, жаңа директорлар келді, бірақ дәстүр сақталды және тәлімгерлік ынтымақтастық бүгін жалғасуда.

Біздің келесі достық кездесуіміз ең тамаша және сиқырлы мереке қарсаңында өтті. Басшылар 28 желтоқсан күні жеке құттықтаумен келіп  және балаларға тәтті сыйлықтарын беріп, ЦДК  «Горняк» - та отетін жаңа жылдық мерекеге шақыру билеттерін табыс етті.

Құттықтау сөздерімен оқушылар мен ұстаздарды СТКХК әлеуметтік және жалпы мәселелер бойынша  бас директорының орынбасары А.Г.Туфанов құттықтады: «Біздің достық пен ұзақ жылдық дәстүрімізді міндетті түрде жалғастырамыз. Бүгін, мектепте, бәріміз үшін аса қажетті, отанымыздың әлеуеті болып табылатын біздің болашақ мамандарымыз білім алуда. Қазіргі заманғы мектеп заманнан қалыс қалмау үшін, өскелең ұрпақтың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашу және дамытуға тиіспіз»

  Біз сіздердің өтініштеріңізді және үндеулеріңізді тыңдай отырып мүмкіндігінше көмек корсетеміз. СТКХК бас директоры И.В.Татаров және комбинат ұжымының  атынан Жаңа 2016 оқу жылы педагогиялық ұжымға және оқушыларға үлкен табыс, әртурлі жарыстар мен олимпиядаларда үлкен жетістіктер және кез келген бастауларға шығармашылық тәсілдеме тілейміз. Біздің болашағымыз – біздің балалар! Барлықтарыңызға сәттілік!

Мереке нағыз мереке болу керек – сыйлықтармен және шыршаға шақыру билеттерімен.  Комбинатымыздың атынан жаңа жылдық сыйлықтар мен шақыру билеттерін қабыл алыңыздар».

Иә, әрине, Алексей Георгиевич дұрыс айтады. Өйткені, біздің мектепте талантты балалар оқиды. Олардың дамуы, жағдайын жақсарту және оқыту үшін әрине қомақты қаражат қажет. Біз  Степногорск тау-кен-химиялық комбинатының басшыларың жылы қарамағында болғанымызға өте қуаныштымыз. Қандай жағдай болмасын СТКХК біздің ең бірінші және сенімді тірегіміз. Қазіргі заманның қиындықтарына қарамастан СТКХК бас директоры Игорь Витальевич  Татаров бүгінгі күні көмегін көрсетуде.

Мектеп әкімшілігі атынан құттықтау сөздері мен алғысын мектеп директоры Тищенко Марина Владимировна жолдады: «Біздің әдеуметтік серіктестігіміз жылы дәстүрлермен жалғысып ұстаздар мен оқушылардың есінде мәңгілікке қалатынына сенімдімін. «Бастауыш сыныптарды дамыту» жаңа жобасына сіздердің қосқан үлесіңіз  жемісті болып,  улкен жетістіктерге әкеледі. Өйткені, біздің басты жалпы мақсатыз – әрбір баланың шығармашылық жағынан дамуына қолайлы жағдай жасау. Көмек көрсете отырып, сіз қаржылай көмек ғана емес,  қуаныш пен үміт сыйлайсыз. Сіздердің мейіріміңіз бен жомарттығыңыз міндетті түрде өздеріңізге бірнеше есе қайтып оралады.

Басшылық пен комбинаттың еңбек ұжымына көрсеткен ықыластығы мен немқұрайлы қалмағандарыңызға  ризашылығымызды білдіреміз. Сіздер бірден шаруашылық қызметі бойынша неғұрлым маңызды мәселелерді анықтап,  қысқа мерзім ішінде оларды шешуге көмек бердіңіздер.

Сіздерді құттықтап, Жаңа 2016 жыл карсаңында құт-береке және өсіп-өркендеу тілеуге рұқсат етіңіздер. Жоспарланған барлық жобалар міндетті түрде жүзеге ассын. Тұрақтылық пен сәттілік!»              

Степногорск қаласың №3 мектеп-лицей әкімшілігі

Келесі адресат комбинат жұмысшылары үшін, Аяз Ата елшілерімен бірге Степногорск балалар үйі болды. Түрлі пішінді мұздан және қардан безендірілген жаңа жылдық кездесу қойылымы аулада басталды.

Келген комбинат қонақтарын директор Сахневич Раиса Анатольевна кәсіпорынның басшысы баға жетпес көмек, қамқор көрсеткені үшін алғысын айтып құшақ жая қарсы алды. Ол мүмкіндікті пайдаланып, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің мерекеге деген дайындықтарын кішігірім экскурсия өткізіп көрсетті.

Әрбір бөлме мен қызметтік кабинеттер түрлі түсті гирляндалармен және түрлі жаңа жылдық әшекейлермен безендірілген, әр отбасы шырша жасап қойған. Конкурс жеңімпазы өзінің тұрғын үйін ең үздік қылып безендірсе демеушілерден басты жүлдені алады. Ал СТКХК атынан балалар үйінің әрбір 65 тәрбиеленушісі алған орындарына қарамастан кеште жаңа жылдық тәтті сыйлықтар алды.

***

Жаңа жылда сыйлықтар алуды ересектерде жақсы көреді. Комбинат әкімшілігі СТКХК зейнеткерлерлеріне, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар мен мекемелерге көңіл бөлмей кете алмады. Оларға жаңа жылдық сыйлық республикалық және облыстық баспасөз басылымдарына тегін жазылу болды. Қалалық ардагерлер кеңесі және СТХК ардагерлер кеңесіне кәсіпорынның есебінен 120 зейнеткерге жартыжылдық жазылу рәсімделді. СТКХК қызметкерлері ақпараттық ашаршылықты сезбейді.

Облыстық және республикалық басылымдарда (жалпы саны бес басылымдар), кәсіпорындарда осылай тегін таратылады.

Кәсіподақ комитеті кезекті рет өзін көрсете алмады,ешқандай мерекелік ізгі бастамаларға қатыспады.

Экономикалық қиыншылықтарға қарамастан ЖШС "СТКХК" әкімшілігі одан әрі жұмыстарын жалғастыруға ниетті, сондай-ақ ұжымда әлеуметтік мәселелерді шешу және мұқтаждарға көмек және қолдау көрсетуге әрқашанда дайын.