Остальные новости

Бас директормен сұхбат

Оңтайландыру жәнеоған қоса...

  • СТКХК басқару аппаратының  қаладан СГМ- ның өнеркәсіптік алаңына орын ауыстыруы, дара оқиға секілді, бірақ менің пікірімше, өте көрнекті, үлгілі оқиға. Игорь Витальевич, оңтайландыруды бұдан әрі де жалғастырасыз ба және қандай дәрежеге дейін жеткізбексіз ?
  •  Оңтайландруды жалғастырамыз- бұл міндетті мен өз-өзіме де қойып отырмын, акционерлер де қойып отыр. Біз барынша көбірек табыс табуға тырысуымыз керек. Ол үшін, бір жағынан шикізат жөнінен келісімшарт жасап, екінші жағынан, оңтайландыруды жүзеге асыру керек. Қаражаттың негізгі жұмсалу бағыты- бұл әрине, жалақы қоры мен шикізат сатып алу, біз одан ешқайда кете қоймаспыз. Ал біздің ықпал ете алатындарымыз, бұл жалақы қоры мен энергия көздері.
  • Сіздерде, менің түсінуімше,  жұмыскерлеріңіз аса қымбат емес (Дегенмен Степногорскінің барлық жерінде солай), Энергия көздері де қымбаттауға беталуда. Бұл жерде қандай оңтайландыру болуы мүмкін?
  • Энергияны үнемдеуге көп мүмкіндіктер бар- жабдықтарды автоматқа алмастыру (мысалы, бізде мегаваттық диірмен айналып тұрады, ал біз оны аптасына бір рет жүктейміз, одан әрі ол босқа айналып тұрады- әрбір айналымы 20 мың теңгедей тұрады), адамдарды үнемдеуге ынталандыру (әрі ынталандырып, әрі міндеттеу керек: күткендегіден көбірек үнемдесең, қосымша сыйақы аласың, үнемдемесең – сенің сыйақың қысқарады).

Жалақы қоры да оңтайландырылуы мүмкін. Еңбек өнімділігі жеткіліксіз он жұмыскерге төлегенше, тиімді жұмыс істейтін сегіз жұмыскерге көп төлеген жақсы.

-Яғни, оңтайландыру- бұл, ең алдымен жұмыскерлердің санын қысқарту ма? Айтпақшы, қазір сіздердің кәсіпорындарыңызда қанша адам еңбек етеді?

  •  

- Әдетте осылай істейді. Ал сіз қалай жасамақсыз ?

- Күн сайын біз директорлармен жиналамыз, штаттық кестеге, оның құрылымына қараймыз, кезек-кезек бөлімше басшыларын шақырамыз және олар әрбір жұмыскер немен айналысатындығын айтады. Айталықбір жерде бір-екі жыл бойы орны толмаған бос орын болды дейік. Ондай жағдайда мен шешім шығарамын: осы бос орынсыз да жұмыс істеген болса, демек, шын мәнінде бұл бос орынның қажеті жоқ, кәсіби қауіпсіздік көзқарасы бойынша, онсыз да жұмыс істей беруге мүмкіндік болатын бар... Немесе төрт адам жартыақыға жұмыс істейді. Ал, қане төрт адам жарты ақыға емес, екі адам толық ақыға жұмыс істесін. Нәтижесінде арнаулы жұмыс киімінен, су шығынынан және сол сияқтылардан үнемдейміз. Оңтайландырудың мысалдары осы. Адамдар көбірек табыс табуға мүдделі болып, сонымен бірге, соған сәйкес көп жұмыс істеуі керек. Әзірге еңбекақы төлеу мен өнімділік бізде жұмыскерді ынталандырмайды. Біз бұған қол жеткізуіміз қажет.

- Мұндай міндеттер бұрын да қойылған, ал сіз, қазір бізде бұлжоқ деп айтасыз.

- Оны жүзеге асыру оңай емес. Моноқалалардың, оның ішінде Степногорскінің де, күрмеуі қиын мәселесі- зейнеткерлер. Бүгінгі күні комбинаттағы жұмыскерлердің 10 пайызы- зейнеткерлер.

- Әдеттегідей олар үздік мамандар.

- Иә, бірақ кейбір мамандықтарда – қазір ол мамандықтарды атамаймын- 70 жасында өз міндетін тиісті деңгейінде атқарып шығу мүмкін емес. Дегенмен, ол әртүрлі себептермен, сол мамандықта істейтіндердің қатарында тіркелген.

- Қайткен күнде де жұмыс істейтін шығар.

- Ол жұмысқа барып жүреді, бірақ жұмыс істемейді деп айтсақ дұрыс болады. Ал 25 жасар жігіт қалада жүріп, қай жерде жұмыс істейтінін білмейді, өйткені еңбек нарығында ұсыныс жоқ. Міне, сізге қарама-қайшылық. Бізде 150 зейнеткер бар. Олардың арасында жоғары деңгейлі мамандар да бар. Бірақ қайталап айтамын, адам 70 жасында 30 немесе 40 жастағы аппаратшы істейтінжұмысты жасай алмайды.

- Бірақ сол 25 жасар жігіт ешбір білімсіз және кәсіби білім алмаған болса, сізге аса пайдасы бола қоймас.

- Алғашқы бір-екі айда солай болады. Сынақ мерзімі не үшін беріледі? Егер адам үйренгісі келсе, тәлімгері жақсы болса, онда ол бір-екі ай ішінде жаңа жұмыскерге қарапайым мамандықты игерте алады.

 

... Жаңғырту

 

  • Оңтайландыру мәселесі туралы не айтсақ та, біз әзірге әңгімемізде мамандар және оларды қысқарту төңірегінен шыға алмай отырмыз. Игорь Витальевич сіз оңтайландыруды солай деп қана түсінесіз бе?
  • Жоқ. Құрал-жабдықтар да оңтайландырылады.
  •   Бұл жөнінде толық  айтып берсеңіз.
  •  Әзірге толық айту мүмкін емес.  Орнатылуы тиіс жабдықтар өте қымбат тұрады. Қазақстан құрал-жабдықтар шығармайды. Ресей машина жасаушы зауыттары көп болса да шығармайды. Гидрометаллургия, түсті металлургия үшін құрал-жабдықтарды Қытай шығарады, ал сапасы жоғары жабдықтар Европада жасалады. Бірақ Европалық жабдықтар өте қымбат тұрады.

Сонымен бірге жобалау жұмыстары, іске қосу және жөндеу жұмыстарына көп ақша жұмсалады. Бізге мұндай инвестициялық жаңғырту бағдарламасын дәлелдеп көрсету үшін бизнес-үлгіні- шикізатты қайдан алатындығымызды айқын түсінуіміз керек. Қазір нарықта ұсыныс көп. Қазіргі бизнес-үлгіге ыңғайластырып алтынды шикізатты өңдеу үшін жаңғырту жұмыстарын жасадық, бірақ өзіміздің шикізат қорымыз болмағандықтан (бүгін жеткізушілер келсе де, ертең кетіп қалуы мүмкін) бұл үлгі өте тұрақсыз болып шықты. Енді міне, Комбинат жаңғыртуға ондаған миллион долларжұмсаса да, тұрып қалатындығынан зор шығынға ұшырайды.

  •  

- Жоқ. Біз қазір сәл қателік жібердік. Жоспар- әрбір өндірістік бағытымызда өзіміздің шикізат қорына ие болу. Мүмкін біреулермен әріптестік орнатармыз, кенішті үлеске берерміз. Қазір өз шикізат базамызға ие болу, сатуға дейінгі барлық тізбекті жасап шығу жұмыстарымен айналысудамыз. Алтынды алып тұрмыз, мысты өңдейміз, сығындысын (экстракт) «Казцинкке»сатамыз.

- Айталық, шикізат қоры бойынша барлық ойластырылған жоспарларыңыз орындалды дейік (біз оған әлі қайтып келеміз), сондан соң,одан әрі жаңғыртуды қалай жүзеге асырасыздар?

- Нақты көлемде ол орындалған (Құрал- жабдықтар әкелінген, орнатылған, жұмыс істеп тұр), Ал сапасы бойынша 90 пайызға орындалған. Кейбір жерлерде энергия көп жұмсалатын жабдықтар орнатылған, оны жыл бойы, 24 сағат бойы жүктеп отыру қажет, ал қазір ол әлсін-әлсін ғана іске қосылады, осыған байланысты бизнес-үлгіміз іске аспай отыр, өйткені біз жабдықтарға, энергия көздеріне, үлкен автоклавтарға (сұйық затты қысымның күшімен жылытуға арналған құрылғы) (диірмендерге шығындаламыз, ал шикізатымыз әзірге аз.

Жаңғырту жүзеге асырылған, ал нәтижесі біз күткендегідей емес. Зауытты шикізатпен толық жүктегендеғана лайықты нәтижеге қол жеткіземіз.

  • «Алтын» желісінен өзге тағы нені жаңғыртуды жоспарлап отырсыздар?
  • Бұл мәселе жөнінде қазір көп қоңырау шалынып, көп әңгімеленіп жүр. Әзірге бұл мәселе заңды құжат күйінде әзірленген жоқ.

Жаңғырту бағдарламасы дегеніміз не? Технологиялық жобаға тапсырыс беру керек. Қай жерден сәл қателік жіберілді? Өздерінің жақсы біліктіліктеріне қарамастан өңдеушілер - жаңғырту саласында маман емес, мұндай нәрселер зауыт ұжымымен жасалмайды. Бұл арнай мамандандырылған компанияның, институттың-осы шаруамен кәсіби айналысатын адамдардың жұмысы.

  • Бірақ оған ақша жоқ қой.
  • Мұндай іске қаржы жұмсамай, үнемдейтін болсақ, кейін өзімізге зияны тиеді. Адамдар келіп, көріп, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне баға беріп, ұсыныс жасап, техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, шикізат қорын зерттеп, содан кейін: «сіздерге мынандай жабдықтар керек» деп айтуы тиіс.
  • Осы жолмен жүресіздер ме?
  • Осылай болуы керек. Мені бұдан әрі қолдайды деп үмітттенемін... Мұны мен ойлап тапқан жоқпын ғой. Мен «Қазақмыста», «Казцинкте» - өз шикізат қоры бар болғандықтан сәтті дамып отырған компанияларда болдым. Мысалы, Өскеменде шикізатты өңдеудің канадалық желісі орнатылған. Жобалық компания келіп, барлығын сипаттап жазып, қажетті жабдықты да мінсіз таңдаған. Басқа компания жабдықты кепілдемесімен, қамсыздандыру шартымен орнатып берген. Жұмыс істеп тұрған жабдық ғана емес, технологияның өзі де қамсыздандырылған. 

Ол жақтың өндірушілері: «бізде жөндеуде, технологияда күрделі мәселе жоқ, бір қиындық туындаса біз дереу қамсыздандыру компаниясын шақырамыз, олар келесі күн-ақ келеді, егер шаруа орындалмаса, өте көп төлем төлейтіндігін біледі» дейді. Шетелдік компания барлық қиыншылықты жояды, жабдықтары да тәуір, барлығы автоматтандырылған. Онда жабдықпенбіліктілігі жоғарыекі адам жұмыс істейді, жалақылары да жоғары. Мінсіз цех, адамдары ақ бахиламен жүреді.

  • Өте жақсы әңгімеледіңіз, Игорь Витальевич! Тіпті ертегідегідей! Сіз «Мен үміттенемін, мені қолдайды» деп толық жеткізіп айтпадыңыз. Инвесторларды айтасыз ба?
  • Ия. Бұл біздің жалпы көзқарасымыз. Қазақстандағы ірі компаниялар бірнеше рет қоңырау шалды. Олар: «сіздерде осындай технологияны қолданайық. Біздің мамандарымыз келеді. Сіздердің өндіріс алаңдарыңыз жақсы, аумақтарыңыз мүмкіндік береді, білікті қызметкерлер құрамы бар, энергия көздері жақын орналасқан, Бизнесті дамытуға  негіз бар, Егер бұл технология теория жүзінде мүмкін болса, қолдана алсақ, онда сіздерге қандай да бір түрде инвестиция салайық және сіздерде өңдеп, жаңа шикізат алайық»  дейді.

Қазір молибден өндіретін ірі компаниямен келіссөздерді қайта бастадық. Молибденді бұрын осы жерде өндірген. Бірақ ол бұрын болған. Қазір, әрине, ол технология жоғалған, бірақ оның қажеті жоқ, өйткені ескірген, энергияны көп шығындайтын, кеңестік технология. Ал қазір мамандар келеді- біздің алаңымызды көреді. Міне, сіздерге инвесторлардың өздері салым салатын орынды іздестіруінің мысалы.

 

Шикізат бизнес-үлгіні анықтайды

 

  • Сіз, Игорь Витальевич, әрдайым жаңғырту  бизнес-үлгіге тәуелді дейсіз. Қазір 2015 жылдың екінші жартыжылдығы басталды, көрнекті компаниялардың барлығы келесі жылдың бизнес жоспарын қалыптастырып жатыр. Тым болмағанда, қандай да бір жоспар болуы керек. Ал сіз барлығы шикізатқа тәуелді дейсіз. Бұл бағытта бірдеңе жасалды ма? Жақын болашақта СТКХК-тың   бизнес-үлгісі қандай болмақ?
  • Біз бұл іске бұрын  жақсы дайындалған едік. Бұл Қызылту кен орны, мыс еді. Бірақ, өкінішке орай, мыстың бағасы түсіп кетті. Барлығы соншалықты бір-бірімен байланысты. Бұрын сәтті болған бизнес-модель, қазір тартымды емес. Егер мыстың бағасы түсе берсе, ал бұл комбинатқа тәуелді емес, бұл жобаны тоқтатуға тура келетін шығар. Өз-өзімізді шығынға ұшырата алмаймыз ғой. Ал тұтас цехта 300 адам істейді. Таңдау жасау қажет. Бұл жерде Татаровқа да, сізге де, басқаға да ештеңе тәуелді емес.
  •     Маған ештеңе тәуелді емес екені анық, бірақ И.В. Татаровқа көп нәрсе тәуелді. Адамдарды әкімшілік демалысқа жібере бастайсыз ба?
  • Ал 50 пайыз ше? Бұл ақшаны қайдан аламыз? Ақша комбинатқа бір жерден түсуі керек. Егер біз мыс концентратын сатпасақ, ақшаны қайдан аламыз?
  • Ал сіздердің әртараптандыруларыңыз ше? Сіздерде алтын бар, уран бар.
  • Алтын деп айтуға ғана жақсы.  Жалпы қаржылық көлеммен алсақ, әртараптандырудың бұл бағыты айтарлықтай көп емес. Ақшаға шаққанда 10 пайыз көлемінде ғана болады. Бірақ бұл басы ғана. Бүгінгі күні жабдықтарымыз бізге айына 500 тонна алтынды кенді өңдеуге мүмкіндік береді. Егер бұдан әрі бәрі жақсы болса, біз қатесіз технология жасаймыз (бүгінгі күнде қызметшілер  және технологиялар бойынша қателік жібердік, бірақ бұл қателіктерді жойдық). Бірақ бұл біраз уақытқа созылды: мысалы, біз бүкіл технологиялық тізбекті 4 күнде жасауымыз қажет еді, бірақ ол 10 күнге созылды. Әрине, уақыт жоғалттық, өңдеуге көп материал жұмсадық. Алтынды материалды өңдеуді айына мың тоннаға дейін жеткіземіз, сонда пайыздық көрсеткіштеріміз өседі. Біз мың тоннаға дейін өңдейміз, бірақ алтынның шоғырлануына байланысты әртүрлі болып шығады. Бұл енді жеткізушілерге байланысты.
  •   Бірінші басшы ретінде, жеткізушілердің болуы, олардың қанша болатындығы, шикізаттың қандай болатындығы, олардың қаншалықты сенімді болатындығы сізге тәуелді ме?
  • Алтын тізбегі бойынша толық жүктелетіндігімізге қазірдің өзінде сенімдіміз. Барлық 500 тоннаны алатын боламыз. Былай айтайық: келісімшарттар айына 200 тонна алуға жасалған, бір ай ішінде  қалған барлық көлемді алуға шарт жасаймыз.  2015 жылға және 2016 жылға жасалады. Бұл шикізат бойынша ешқандай күрделі мәселе жоқ.

Мыс бойынша, өзіміз жұмыс істейміз, шикізат өзіміздікі. Алғашқы партия, өндіру бойынша қателік жібергенімізді көрсетті, оларды жоюдамыз. Бұл жерде барлығы биржаға байланысты- Мыстың бағасы қаншалықты өзгереді, соған байланысты.

  • Егер баға қалыпты болса, бұл бағытта қанша көлемге есеп қылуға болады?
  • Өте үлкен. Айына 100 мың  тоннаға дейін өндіруге болады. – әзірге 40-50 мың тонна өндіреміз.

Бүгінгі күні бізге қалыпты өмір сүруге сүруге мүмкіндік беріп отырған біздің негізгі бағыттарымыз- мыс пен уран.

  -Бұл құлаққа жағымды естіледі, дегенмен қазірге, қазіргі уақыттағы игеру көлемінде комбинатқа соншалықты тиімді емес. Автоматтандыруды қоямыз, жылдың соңына дейін өз қондырғымызды қосамыз және өз шығындарымызды қысқартамыз – тек сонда ғана бес пайыздан он бес пайызға жетеміз.

- Сонда – бұл ертең емес пе?

- Ол соншалықты ұзақ емес. Ойымша көктемге қарай автоматтандыруды жасаймыз және оны мамандар жасайтын болады.  

-Сіз уранды есептен алып тастамағандығыңыз туралы айтып отырсыз. Сіз үшін бұның қаншалықты маңызы бар?

- Қазір зауыт көбінде уранды қайта өндіру есебінен сақталып тұр. Бұл ешкімге де құпия емес.

-Бұның өзі де өте тиімді бағыт емес, Сіз құрамында уран бар шикізат қаланы құрушы кәсіпорын мен қаланы толығымен үшін көтермелеу үшін өте аз екендігі туралы айттыңыз.

-Мұны жағдайды түсіну деп атайық.

-Уран бағыты Сіз беруші шикізатпен жұмыс ретінде ғана қарастырасыз ба? Немесе өз шикізатыңыздың көзін іздейтін боласыздар ма? Сіздерде шамалауымша барланбаған көздер қалған еді емес пе?

- Біздің баллансымызда Шантөбе кеніші бар. Ол жерден уранды игеру құны жағынан тиімсіз. Әрине біз осы бағыт бойынша шикізат қорын іздеу үстіндеміз.

- Сіздерде басқа кен орындарыңыз жоқ па?

-Жоқ. Бұл процесс еш қашан тоқтаған емес. Ол өте белсенді де бола алады, ал кейде онша емес, бірақ қазір өте белсенді емес, сол себепті нарықтағы уранның құны қатты өзгермейді. Сондықтан осы бағытта өз шикізат қорымызды іздеу үстіндеміз.

- Шантөбе туралы әңгімемізді тәмамдай отырып, бір нәрсені нақтылағым келіп отыр: кен орнымен өндірістік және әлеуметтік байланысты аяқтадыңыздар ма? Енді еш қандай моральды, заңмен немесе жол карталарымен анықталған жауапкершіліктеріңіз жоқ па?

- Кен орны біздің баллансымызда. Біз ол үшін толығымен жауаптымыз. Ол біздің инвестициялық бағытымыз. Әйтеуір хат алмасуды бастадық. Бірақ ол уранмен байланысты емес, егер сараптама рұқсат берсе, өндірістік қалдықтарды жинау орнын қайта өңдеумен байланысты. Онда осындағыдай үлкен өндірістік қалдықтарды жинау орны бар емес пе. Қытай компанияларынан ұсыныстар келіп түсті. Ресей өндірістік қалдықтар жинау орнын қайта өңдеуге қызығушылық танытып отыр. Бұл өте қызықты тақырып. Егер қолымыздан келсе, Шантөбеде екінші өмір пайда болады.

 -Игорь Витальевич, мен Сізден моральдық және әлеуметтік жауапкершілік туралы сұрағанда, онда сіздердің жұмыскерлеріңіз қалғандығын меңзеген едім және Шантөбе де комбинат есебінен өмір сүрген еді.

-Бізде қазіргі күні отыз адам тек мүлікті күзете отырып жалақы алып отыр. Міне сізге әлеуметтік жауапкершіліктің мысалы.

- Әлеуметтік, құқықтық, экологиялық – жауапкершілік туралы

- Мен Сізге әлеуметтік жауапкершілікке қатысты өз позициямды айтайын. Ол жақсы, қажетті зат, бірақ үйлесімді және ақылға қонымды болуы тиіс. Жеке бизнес жауапкершілікпен ғана жүктеле бермеуі тиіс, ол кәсіпорынның кірісіне әсер етеді, және соңында сол әлеуметтік жауапкершілікті талап ететін адамдарға да әсер етеді.

- Түсіндіруізді сұраймын.

-Мен Үлбімен салыстырып отырмын. Мен онда мұндайды көрмедім. Бірақ бұл әкімшіліктің де талабы және кәсіподақтың жұмысы болуы тиіс – адам тек заңды ғана бұзбағанын, ол біріншіден өзіне де зиян келтіргенін түсінуі тиіс.

- Бұл сөзсіз. Тек бір ғана «жапырақпен» зиянды өндірісте қауіпсіздік мәселелерін шешеді ма екен.

-  Мен әр қашан бұл мәселеге үлкен назар аударғанмын. Адам денсаулығы мен өмірін ақшамен тепе-тең қою мүмкін емес. Бір мысал ретінде, менің бірінші шешімім-кәсіпорын құрылымын өзгерту: қауіпсіздік қызметін бас директорға тікелей бағынатындай етіп, жеке блогқа шығару. Иван Григорьевич Мамонтов басқаратын, Өндірістік қауіпсіздік басқармасы құрылды. Бір құрылымға еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік, экология қосылатын болады. Мақсат екі жақты, заңға сәйкес әкімшілік тарабынан талаптарды күшейту және осы салалардағы мәселелерді жылдам шешу үшін, өз проблемаларымызды анықтау.

- Осыған сәкес экологияға қатысты екі сұрақ. Кезінде Қызылту кен орнын игерудің зиянды зардаптары туралы белсенді талқыланды, мен де ол туралы ол туралы көп жазған болатынмын, себебі жұртшылықты, сарапшыларды, өздеріңізде бұрын жұмыс істеген экологтарды қоса алғанда, осы мәселе қатты алаңдатты.

- Бұл өзі үлкен, жай ғана кен орын және онда кен игеріледі. Қоршаған ортаға тікелей еш әсері жоқ. Басқаша айтқанда, шикізатты вагонға тиеп, осында алып келеді. Қызылтудың қоршаған ортаға әсерін мен көріп тұрған жоқпын.

- Сіздерде барлығын ойландыратын тағы бір нысан бар, -СТКХК өндірістік қалдықтарын жинайтын орны бар. Ондағы қауіпсіздік мәселесін қалай шешпексіздер?

- Өндірістік қалдықтар жинау орнының дамбасын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өндірістік қалдықтар жинау орны күшейтілгенсін айна болады.  Қазір өндірістік қалдықтар жинау орнын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мердіген жұмыс істеп жатыр, алғытөлем де жасалған.

- Соңында, қала әкімі салық жинау бойынша жоспарды орындай алмады делік. Оған СТКХК өндіріс көлемінің төмендеуі әсер етті. Ал менде мұғалімдер барлық еңбек демалысы бойы еңбек ақысын алмаған. Мен сізге қандай да бір ақпарат алуға келдім. Оздеріңізің қиын жағдайларыңызға қарамастан, мені әкім ретінде қалай қолдайтын едіңіз? Тек моральды ма?

-Так қана емес. Әкіммен әңгіме болды, одан өтініш келіп түсті – және біз 2015 жылға дейін Степногрск қаласына байланысты барлық салықты алдын ала төледік. Сөйтіп біз қала алдындағы моральдық жауапкерліліктерді орындадық. 

- СТКХК жұмыскерлері сіздің бізге берген сұхбатыңызды оқитын болар.Олардың Сізге нақты екі сұрағы болатын еді, Игорь Витальевич: келер жылы жұмыскерлердің келешегі қандай? Қысқартылады ма –қысқартылмайды ма? Өз тағдырын СТКХК мен қаншалықты тығыз байланыстыруға болады? Бұл кәсіпорынның сенімділігі туралы бір сұрақ және екінші сұрақ: барлығы қымбаттап жатыр, жалақыға үстеме қосылады ма?

- Соңынан бастайын. Осы жылы нақты жалақыға үстеме қосылмайды. Ал келер жылы мүмкіндік болысымен жалақыны өсіреміз. Ол ең болмағанда инфляция пайызына дейін жоғарлауы тиіс.

Өз тағдырын СТКХК мен қаншалықты тығыз байланыстыруға болады? деген сұраққа қатысы бірінші сұраққа байланысты. Өндірістің санын, көлемін, сапасын жоғарлататын боламыз. Сонымен қатар – осыған да уәде бере аламын – қызметкерлердің біліктілігі мен квалификациясына да талаптар жоғарлайтын болады. Менің мақсатым жалақы қорын жоғарлату, бірақ сонымен қатар еңбек өнімділігін де өсіру.

  • Мазмұнды және шынай сұхбат бергеніңіз үшін қошемет білдіремін, Сізге рахмет.