Остальные новости

Степногорск қаласының Тау кен химиялық комбинатының бас директорымен сұхбат. СТКХК ЖШС бүгін, ертең және келешекте.

   Күдіктенбе, басқа жерде шыққан үн бізде сөзсіз естіледі. Біз оны өзімізде сеземіз: дүниеге экономикалық дағдарыс келді. Оның жаңғырықтары Степногорск подшипник зауытында, СТКХК ЖШС  естіледі. Бұл жаңғырықтарды көбісіміз ерекше сеземіз, себебі СП зауыты мен СТКХК ЖШС  қаланың маңызды өндіріс кәсіпорындары болып табылады. Бұл жағдайда кәсіпорынға қиындық туса бізге де оңай болмайды. Бұд таңқаларлық жай емес, себебі ұзақ дағдарыс кезінде үлкен кәсіпорынның жағдайы қала тұрғындарын мазалайды.

   Бұл сұрақты біз СП зауытының бас  директорына қойған едік. Қазіргі таңда біздің назарымыз  СТКХК ЖШС. Комбинаттың    бас директоры Игорь Татаровпен әңгімелестік.

   «Мен бәріне жауаптымын»

   - «Престиж» газетінің оқырмандарына сізді СТКХК ЖШС жаңа басшысы ретінде таныстырған едік, соғұрлым біз нақтырақ білгіміз келеді: Игорь Витальевич, сіз дағдарыс менеджерісіз бе? \кризис менеджр\

   - Мені дағдарыс менеджері деуіңізде ақиқаттың бір бөлігі бар. Бүгінгі күнде дағдарыс менеджері Қазақстан және шетелдік кәсіпорнында өте қажет, себебі бұл дағдарыс әлемдік. Әлемде шикізаттың, тауарлардың қызмет атқарудың бағалары түсуде, бұл жағдайда стандартсыз шешімдер қажет. Біздің кәсіпорында да дәл осындай жағдай туындап тұр. Шешімі жоқ көп мәселелер, дағдарысты іс-шаралар жиналып қалды. Біздің қорымызда бір не екі жыл жоқ, көп мәселелер тез шешімді талап етеді, үш немесе жарты жыл ішінде.

   - Сіздің ізашарыңыз да сізді дағдарыс менеджері деп атаған. Ол сіздің мұраңызға көптеген шешілмеген мәселелерді қалдырды ма?

   - Мәселелер қайда боолса да қалады. Бүкіл мәселелерді шешетін басшы болуы мүмкін емес. Бизнес- ол кодекске бағынған бюджеттік ұйым емес. Әр түрлі жағдайлар қойылды. Менің алдыма қойылған жағдай - кәсіпорынның тек сыртқы қызметіне ғана емес, оның ішкі үдерісін, өндірісін түсіну. Егер осыған дейін генерал директор мемлекеттік органдармен, басқа да кәсіпорындармен, министрліктермен қарым-қатынасқа жауап берсе және оның өндірістік директоры болса, ал қазіргі күні бұның бәріне мен жалғыз жауаптымын.

   - Назарға сіздің бастапқы тәжірибеңіз алынған болар. Игорь Витальевич, сіздің қызметтік тізбеңізде мен металлургия немесе уран өндірісімен байланысыңызды таппадым. Бұл сіздің жаңа жұмыстағы делитантизмдік дәрежеңіздің куәсі ме?

   - Мен кенші емеспін, бұл дәл солай. Менеджерлік білімімде жоқ, бірақ бұл менің ұзақ жылдар бойы энергия комплексті басқаруыма кедергі болған жоқ. Өзімді басқаша атайын-мен басқарушымын. Егер бизнес барысын дұрыс түсінсең, оны сол саланың маманы болмасаң да басқаруға болады. Үлкен компаниялардың басшыларына сол өндірістің маманы болу міндетті емес. Ол көбінесе өндірістің ғаламдық өсуіне кедергі болуы да мүмкін.

   - Бұл сізді металлургияны тұңғиықты зерттемейді деп түсінуімізге бола ма?

   - Мен олай істеуім де керек емес. Оған жауапты оқып білім алып, тәжірибе алған жоғары дәрежелі білім игерлері бар. Басшының маңызды жұмысы ол \ сол мамандардың білімін, тәжірибесін дұрыс қолдана білу. Әр адам өз орнында жұмыс істеп пайда келтіруі тиіс. Кәсіпорынның, әсіресе басшының міндеті - сол адамнан үлкен пайда алу.

   - Үлкен пайда демекші. Соңғы кезеңге дейін сіз «Павлодарэнерго» АҚ төрағасы болдыңыз. СТКХК ЖШС жұмысымен қатар басқа да істермен  айналысасыз ба?

   - Мен істеген көп бизнес салалары бар, бірақ менің уақытымның көп бөлігі комбинатқа кетеді, басқа іспен айналысатын уақытым жоқ. Сол себептен басқа саладағы жұмыстарымды тоқтаттым.

   - Степногорскке отбасымен бірге көштіңіз бе?

   - Отбасым Астанада, себебі балаларым мектепте оқиды, көшіріп әкелу әзір мүмкін емес. Отбасыммен тілдесуге жексенбі күні бар. Степногорск Астанадан алыс емес.

Кадрлық саясат

   - Сіздің ізашарыңыздан басқа тағыда бірнеше комбинат менеджерлері жұмыстан шығып кетті. Бұл кадрлық саясатыңыздың салдары емес пе?

   - Сіз Игорь Витальевич,  осындағы мамандардың тәжірибесіне жүгінемін дедіңіз. Сіз алдыңызға қойған мәселелерді шешуде өз командаңызды құрасыз ба?

    - Бұл салада мамандар өте аз, сондықтан осындағы мамандарға жүгінгенім дұрыс болады. Маған адамның маман ретінде қандай екенін түсіну маңызды. Бірдей маман иелері бар, бірақ біреуінің басшы болуға, ал екіншісінің орындаушы болуға талабы жоғары болуы мүмкін. Әр адамның өз орнында отырғандығын анықтай білу- бұл ең бірінші мәселе, себебі өз орнында отырған маманнан пайда көп.

   - Әркімнің орнын табу жұмысымен өзіңіз айналыссаңыз кейбіреулер сізге жағу мақсатында өз жұмысына көөңіл аудармайды деген қауіпсіздік туындамайды ма?

  - Ондай жағдайдың болуы мүмкін. Өзімнің елуге қараған жасымда кәсіби жарамдылықпен жеке бас араздығын айыра білуді үйрендім.  Адамның өзі ұнамауы мүмкін, бірақ егер ол жақсы маман иесі болса, мен оны сол қалпында қабылдаймын. Мен ешкімді ауыстырған жоқпын. Өндіріс басшысы А.В.Матюшкин, менімше осында ертеден жұмыс ұстеп келеді. Е.Л.Калмыков - «КҚЗ  Пирит» басшысы және бізде СТКХК ЖШС  орындаушы басшының қызметтерін атқарып келеді. КҚЗ Пирит ға басқа басшы іздеудеміз, себебі орындаушы басшының жұмысы өте көп. Менің тағайындалуыма дейін бұл кәсіпорыннан тек Кравцов В.А. және комерциялық директор ғана ауысты.

   - Ал,Игорь Витальевич, цех мамандарымен қалай? Кадрлық тапшылық қара жұмыскерлер арасында бар ма? Негізгі шешуші роль соларда емес пе?

   - Кадрлық тапшылық ,меніңше, көп кәсіпорындарда бар. Айқындасақ: тапшылық дәл білікті мамандарда. Бүгінгі күні біліктілікті жоғарылатудың дұрыс жүйесі жоқ. Біздің еңбекақы төлеу жүйесі жұмыскерлерді өнімділік арттыруға талаптандырмайды. Бұрын разрядпен төлеуде үлкен айырмашылық бар болатын, мысалы екінші және алтыншы разряд арасында. Ал қазір ол тіпті мардымсыз, сондықтан адамда кәсіби өсуге ешқандай ынта жоқ. Ынталандыру жолдарын қарастырамыз,  онымен кадрлар бөлімі айналысады.

    - Кәсіподақтардың да араласуына болады. Мен олармен еліссөздер жүргіздім, олардың осы іске араласуларын сұрадым. Себебі жетекшілік институт өз уақытында кәсіподақтың қарамағында болатын. Бұдан бес жыл бұрын, тәртіп бойынша кәсіподақ ұйымы жас маманға өз тәжірибесін, шеберлігін үйрету мақсатында жетекшілікке тәжірибелі маманды бекітетін. Қазір ондай жұмыс жүргізілмейді. Екі жеті бұрын біз кәсіподақпен сөйлестік, бірақ әлі жауап келмеді. Кәсіподақ, менімше, әкімшіліктің антагонисі ретінде болуы керек.

   - Сіз адамдарды оқыту керек дедіңіз. Кәсіби оқыту бағдарламаларңыз бар ма?

   - Әзірше біліктілікті арттыру курстарында оқытамыз. Келешекте региондағы  үлкен  компанияларды біріктіріп, аппаратчик, компрессорщик мамандарын оқытуға материалды база құрармыз. Бұл мамандар еңбек рынкында жоқ деуге болады. Мемлекетті тартуға болады \ оның әртүрлі жолдары бар, бірақ бұл үлкен үлес қосуды талап етеді. Жастарды оқытуға үлес қосу керек - орытындысында жарты немесе бір жыл ішінде маман иелерін аламыз.

Бүгінгі күннің көрінісі

  • Игорь Витальевич, СТКХК қандай күйде қабылдап алдыңыз ? Бүгінгі күні шынайы көрінісі қандай?
  • Қалыпты күйде. Уран шикізатын өңдеумен байланысты негізгі өндіріс жұмыс істеп тұр және өңделме шикізат бойынша тұрақты жұмыс істейді - (Шаңтөбеде қазір шикізат жоқ, кеніш тоқтап тұр).

Бүгінгі күні біздің өндірісіміз әртараптандырылған-мысты, алтынды, уранды әртүрлі шикізаттарды өңдейді

Өндірісті әртараптандыру үшін жаңғырту (модернизация)аяғына дейін жеткізілген жоқ. Шикізат проблемасы бар. Цех жұмыскерлермен толық жасақталған, ал шикізатпен өндіріс 30 пайызға ғана жүктелген. Міне, осыдан, ең алдымен, қаржылық мәселелер туындайды. Жалақы төлейміз, энергиялық көздеріне шығындаламыз, ал шикізат әзірге жоқ. Қазір шикізаттың бір түрін басқасына алмастыру үшін ірі компаниялармен келіссөздер жасап отырмыз. Шикізат қорынсыз,жаңғыртужұмысы бекер жасалған болып шығады.

- Бүгін СТКХК – бұл шын мәнінде, текГМЗ-ның өнеркәсіптік алаңы ғана ма?

- Бұл зауыттың өзі және Қызылту кеніші. Онда СТКХК тең құрылтайшы болып табылады- бізде 24%, ал қалғаны «Казатомпромға» тиесілі. Бұл жекеменшік шикізат қорын дамыту үшін солай жасалған. Бұл енді, сыртқы нарықтан қалай да болса, тәуелсіз болудың жолы.

- Ал егер жұмыс бағыттары туралы айтатын болсақ, мен сізді дұрыс түсіндім бе, сіздерде өңделме шикізаттан уранды кенді өңдеу сақталған, алтынды кенді және Қызылту кен орынынан мысты-молибденді кенді өңдеуді бастадыңыздар ?

- Қазір Қызылту кенін тәжірибелік- өнеркәсіптік қайта өңдеу жұмыстары жасалып жатыр- әзірге нәтижелері орташа: кеннің сапасы жөнінен проблемалары бар, бұл мәселемен айналысып жатырмыз, байытатын боламыз, өйткені құрамыбіздің жобалық жүктемемізге сай емес. Дегенмен, кеніштің келешегі бар, уақытша қиындықтар бар, бұл қиындықтар мыс өңдеу бағытымен байланысты.

Алтынды өңдеу бойынша технологияларды игеріп жатырмыз, өйткені олар зауыт үшін қайткенмен де жаңа болып келеді, жыл соңында ғана іске қостық. Шикізат әртүрлі, өйткені жеткізушілері бірнеше, шикізат алтынның құрамы және қоспалары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.

Бір жеткізушімен жұмыс жасадық. Алтын құрамы жоғары қорытпаны алғаннан соң, Астанадағы «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытымен келісімшарт жасадық. Алтынды аффинаждау (айырып алу) және сатуды жүзеге асырамыз. Бұл ұялмай айтатын алғашқы сәтті партия.

Алтынды шикізатты өңдеу бойынша іске қосылған желіні жаңғыртудамүмкіндіктеріміз бар,-оны одан әрі автоматтандыру, яғни, адам факторының ықпалын азайту. Биылғы жылы желіні автоматтандыру бағдарламасына тапсырысбереміз, өйткені, әзірге, өкінішке орай, еңбек сапасы мен жұмыскерлердің біліктілігіне өте тәуелдіміз. Бір қателік жұмсалатын материалдар мен өңделетін қоспалардың бөлшегі бойынша үлкен шығынға алып келеді. Бұған технологиялар үдерісінде тап болдық- біз әрдайым алтынмен жұмыс істегіміз келсе (ал бұл өнім зор көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені, жүздеген тонналармен емес, килограмдармен және грамдармен өлшенеді), автоматтандарудың қажеттігін түсіндік.

-Бүгінгі күні СТКХК-ның барлық үш бағыт бойынша қызмет етуге дайындығы қандай ?

- Қазір жұмыс істей аламыз. Біздің дайындығымызды айтар болсақ, ол басқа әңгіме, дайындығымыз 80-90 пайызды құрайды.

Бір ғана алтынды өңдеу бойынша, бізге автоматтандыру қажет, оны біз биыл бастадық және көктемге қарай аяқтаймыз, мүмкін одан ертерек аяқтайтын да шығармыз.

Мысты-молибденді бағыт бойынша көбірек қаражат жұмсау керек- енді бір жыл шыдай тұрамыз, өйткені бізде негізгі өндіру жұмыстары 2016 жылдан және одан әрі басталады.

Уран бағыты бойынша өзіміздің шикізат қорына шығуды жоспарлап отырмыз. Әзірге негізгі жеткізуші «Казатомпром» болып табылады, өз кеніштері арқылы жеткізеді, бірақ өкінішке орай, бұл өңделме шикізат. «Казатомпромда» өздерінің қайта өңдеуші қуаттары бар – олар сәл әрірек орналасса да, мүмкін сәл қымбат болса да, олар өздерінің қуаттары болғандықтан, оларды ең алдымен жүктеуге тырысады.

Жекеменшік бизнес бізбен жұмыс істемейді- әзірге көндіруге, өтінуге тура келіп тұр. Істің әлеуметтік жағы ескеріледі.Степногорск- моноқала және біздің комбинаттағы жағдай қалай болғанда да қаланың ахуалына ықпал етеді. Бұл да ескермеуге болмайтын факторлардың бірі: біз «Казатомпромнан» өтініп сұраймыз, әкім де жүгінеді, облыс та , үкімет те -комбинатты шикізатсыз қалдырмауын өтінеді. Мен үш апта бұрын облыс әкіміне бардым және Сергей Витальевич Кулагин шикізат бойынша бұдан әрі де көмектесетіндігін айтты-аймақтың жетекшісі ретінде ресми өтініш жасайды, әрине Степногорскінің жағдайына алаңдайды.Жағдай былай: комбинаттың қаржылық жағдайының қаламен өзара байланыстылығы сонша, кәсіпорынның бизнес-үлгісін анықтап алып қана қоймай, әлеуметтік жағдайға да көңіл бөлу керек.